COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан асатын деңгейге жеткен жағдайда облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері екі және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде масканы міндетті түрде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халықтың тұратын жерінен еркін шығуына рұқсат беретін болады. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық объектілері жоқ жағалауларға баруына рұқсат беріледі.
Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер белгілеген қосымша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, қазақстандықтарға өңірлер арасында кіріп, шыға алады. Қала сыртындағы үйге бару үшін елді мекеннен шығуға немесе кіруге рұқсат берілетін болады.