Спорт • 11 Мамыр, 2020

UFC: Тони Фергюсон техникалық нокаутпен жеңілді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты бірқатар елде карантин жарияланса да, спорттық жарыстар біртіндеп жандана бастады. Бұған дейін Никарагуада кәсіпқой бокс кеші өткенін жазған едік. Енді міне мұхиттың арғы бетіндегі індет ошағына айналған АҚШ-та аралас жекпе-жектен UFC турнирі ұйымдастырылды.

UFC: Тони Фергюсон техникалық нокаутпен жеңілді

18 сәуірде өтуі тиіс болған, бірақ кейінге қалдырылған UFC 249 турнирі АҚШ-тың Джексонвилле қаласында өтті. Кештің басты жекпе-жегінде екі америкалық спортшы Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи жеңіл салмақтағы уақытша белбеу үшін жұдырықтасты.

Жекпе-жектің алғашқы раундында Фергюсон қарсыласына қарағанда көп соққы жұмсап, кездесу тізгінін өз қолына алды. Дегенмен екінші кезеңде Гэтжи Тонимен тең дәрежеде жұдырықтасып, үшінші раундта басымдыққа ие бола бастады. Кезеңнің орта тұсында Фергюссонды есенгірете жаздады.

Төртінші және бесінші раундта қорғана жүріп жұдырықтасқан Джастин соңғы 5 минутта Тонидің бірінші мұрнына, кейін көзіне ауыр соққы жасаған соң төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша аралас жекпе-жек әлемінде аса танымал емес Джастин Гэтжи әйгілі қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп кетті. Ол UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атағын иеленіп, толыққанды чемпион атану үшін Хабиб Нурмагомедовтың қарсыласы атанды.