Технология • 11 Мамыр, 2020

Ағаш смартфон көрдіңіз бе?

419 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ағашы несі? Ондай гаджет болушы ма еді деп таң қалуыңыз бек мүмкін. Бірақ бұл – корпусы ағаштан жасалған Runcible деп аталатын смартфон. Ноутбук пен смартфон арасындағы қалтафон түріндегі гаджеттің концепті.  

Ағаш смартфон көрдіңіз бе?

Сурет: novate.ru

Оның қалпы дөңгелек болғандықтан мүлде жаңа форм-факторға ие болып отыр. Смартфонды жасаушылар қарапайым компас оны жасауға түрткі болғанын және оның формасы негізге алынғанын айтады.

Құрылғыда барлық ақпараттың бір терезеге шоғырландыруы қызығушылық тудыратынына концепт авторлары сенімді. Сағат тек уақытты ғана көрсетпейді, ол арқылы әлеуметтік белсенділікті де басқаруға болады. Навигатор ретінде жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ компас ретінде қызмет ете алады. Не айтып кетті демеңіз. Осында біраз жылдар бұрын ғана телефонның бетін сипап отырасыз десе, сенер ме едіңіз? Әлбетте, жоқ. Ал, қазір смартфон дисплейінің бетін сипамайтын адам жоқтың қасы болып барады.

Смартфонның ең тартымды жері - ол адамды барынша интернет-тәуелділіктен біртіндеп босату. Бұл бір қарағанда түсініксіз көрінуі мүмкін. Бірақ болашақта жүзеге асатын керемет идея болмақшы. Қазіргі таңда кез келген адам интернетке байланып, виртуалды өмір құрбанына қалай айналып бара жатқанымызды сезбеудеміз. Балалар мен жас жеткіншектер үшін бұл тақырып тіптен қиын мәселе болып отырғанын бәріміз де білеміз.

Камерасы мүлде қызық жұмыс істейді. Оның интерфейсі дөңгелек болмақшы. Суретке түсіретін бейнеңізді жақындату, алыстату немесе фокусқа алу үшін смартфонға жанаспай-ақ ауада объектив бұрағандай қимылдар жасасаңыз болғаны. Артынан экранды түрте салып, суретке шырт еткізіп түсіресіз. Осындай әдіспен дауысын реттей аласыз. Мұның барлығы акселерометр және гироскоп сияқты датчиктер арқылы жүзеге асады.

Гаджет Firefox OS операциялық жүйесімен басқарылады. Аталмыш жүйе кең таралмағанмен болашақта оның қолдану кеңістігі әбден артуы мүмкін.

Бір қарағанда бәрі қиял-ғажайып дүние сияқты көрінгенмен қазіргі технологияның күн санап емес, сағат санап дамыған заманында жақын арада бұл шындыққа айналатыны сөзсіз.