1988 Қызылорда қаласында дүниеге келген ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлемнің төрт дүркін чемпионы атағына ие болды.
- Мен Токио олимпиадасына қатысуды алдыма мақсат еткен едім. Дегенмен аталған дода белгілі себептерге байланысты кейінге шегерілді. Сондықтан мен спортшы ретінде карьерамды аяқтауды жөн көрдім. Жаңа қызметте спорт саласында менеджмент мәселесін жан-жақты меңгерсем деймін. Келешекте бапкерлікке де келуім мүмкін. Оны уақыт көрсете жатады, - деді Илья Ильин.
Осыған байланысты арнайы ұйымдастырылған шарада Илья Ильинге облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет аймақ халқы атынан жылы лебіз білдірді.