Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Атырау: БҚО-ның 135 тұрғыны екі күн аялдайды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теңіз кенішінен өзге өңірлердің тұрғындарын шығару әлі жалғасып жатыр. Алайда, кеше Батыс Қазақстан облысының 135 тұрғыны Атыраудан кете алмай қалды. Неге?

Атырау: БҚО-ның 135 тұрғыны екі күн аялдайды

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, 10 мамырда  Теңіз кенішінен​ 135 жұмысшы Батыс Қазақстан облысына жол жүруі жоспарланған  екен. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Теңіз кенішінде жұмыс істейтін өзге өңірдің тұрғындары ПТР-тестілеуден тұрғылықты мекенжайында өтуі тиіс. Сәйкесінше сол өңірде карантиндік стационарға оқшаулануы қажет.

«Алайда, кеше Теңіз кенішіндегі​ ​ 135 жұмысшы үшін Батыс Қазақстан облысындағы карантиндік стационарда​ бос​ орынның жетіспейтіндігі белгілі болды. Сол себептен, Теңіз кенішінің басшылығы батысқазақстандық​ 135 жұмысшыны Атырау қаласында екі күнге​ уақытша орналастыруға шешім қабылдады.​ БҚО-ның  карантиндік стационарында орын босағасын, сол өңірге жеткізілетін болады»,- деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.