Әлем • 11 Мамыр, 2020

Иранда әскери кеме жаттығуында болған оқыс жарылыстан 19 адам қаза болды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның әскери-теңіз флотының жаттығуында бір кеме екіншісіне оқыстан зымыран атты. Салдарынан 19 адам қаза болып, 15 әскери қызметкер түрлі жарақат алған. 

Иранда әскери кеме жаттығуында болған оқыс жарылыстан 19 адам қаза болды

Оқиға Оман шығанағындағы оқу-жаттығу кезінде болған, бұл жол  әлемдік мұнайдың бестен бір бөлігі өтетін Ормуз бұғазына апарады. Иран осы ауданда үнемі оқу-жаттығу өткізеді.

Ресми мәліметке сенсек, әскери кеме жаттығу кезінде арнайы нысананы көздеген, алайда зымыран жанында жақын тұрған екінші кемеге тиген. 

Жергілікті БАҚ оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар