Спорт • 11 Мамыр, 2020

«Сарыарқа» хоккей клубының құрамы жаңа қақпашымен толықты

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қақпашы Владимир Сохатский «Сарыарқа» хоккей клубының құрамын толықтырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сарыарқа» хоккей клубының құрамы жаңа қақпашымен толықты

Биылғы маусымда 30 жастағы қақпашы Владимир Сохатский «Торос» клубының намысын қорғаған. Жоғарғы хоккей лигасында барлығы 42 кездесу, плей-офф кезеңінде 7 ойын өткізген.

Ал «Салават Юлаев» командасы сапында үш маусым, сонымен қатар «Автомобилист» (Екатеринбург) құрамасының жейдесін киген. Құрлықтық хоккей лигасында барлығы 132 ойын ойнаған.