Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Ертең Қостанай әуежайы жұмысын жандандырады

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 мамырда Қостанай әуежайы Нұр-Сұлтан қаласынан келетін әуе рейстерін қабылдай бастайды. Әуе қатынасын  «Qazaq Air» және «FlyArystan» компаниялары жүзеге асырады.

Ертең Қостанай әуежайы жұмысын жандандырады

«Qazaq Air» ұшақтары сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-де Қостанайға қонып, сағат 10.40-та кері ұшады. Ал «FlyArystan» әуе кемелері дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері сағат 11.10-да қонып, 11.40-та әуеге қайта көтеріледі.

Өңірлік жедел ақпарат штабы жолаушыларға әуежайда мынадай санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталатынын ескертеді:

- әуежай ғимаратына қолында билеті бар жолушылар ғана кіре алады. Шығарып салушыларға қатаң тыйым салынған.

- аэровокзал ғимаратына кіру үшін жолаушы міндетті түрде бетперде тағып, қолғап киюі шарт;

- ғимаратқа кірер алдында әрбір жолаушының дене қызуы өлшенеді;

- санитарлық-карантиндік пункттің маманы қызуы көтеріліп тұрған немесе жөтел, ентігу, демігу белгісі анықталған жолаушыны жедел медициналық жәрдем келгенше аэровокзал изоляторында медициналық тексеруден өткізеді;

- жолаушылар тіркеуден өту, ұшаққа отырғызу және түсіру кезінде қауіпсіз арақашықтықты сақтауы тиіс (1 метр);

- әуежай ғимаратына санитайзер орнатылып, ғимарат іші санитарлық талапқа сай тазартылып тұрады.

 

Қостанай облысы