Өз кезегінде Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Белградты босатушылардың монументі мен Кеңес солдатының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Салтанатты рәсімге Сербия Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Сыртқы істер министрі Ивица Дачич, зиялы қауым, дипломатиялық корпус, қоғамдық, соның ішінде ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшісі Еркін Ахинжанов Осло қаласындағы «Вестре гравлюнд» зиратында кеңес солдаттарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мұнда Норвегияда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан 347 кеңес жауынгерлерінің құрметіне мемориал орнатылған, онда «Норвегия сізге алғыс білдіреді» деген жазу жазылған.