Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Елордада коммуналдық өтемақыны алу үшін қайда өтінім беруге болады?

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елордада коммуналдық шығынды жабуға берілетін 15 мың теңгені қалай алуға болатынын айтты.

Елордада коммуналдық өтемақыны алу үшін қайда өтінім беруге болады?

«Елордада коммуналдық шығынды жабуға берілетін 15 мың теңгені алу үшін KKKOMTOLEM.KZ сайты арқылы және KOMTOLEM телеграм-боты арқылы өтінім беруге болады. Өтінім маусым айының ортасына дейін қабылданады. Сонымен қатар 28-09-59 нөмірі бойынша колл-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды. Азаматтар ол жерден техникалық көмек алып, сұрақтарын қоя алады», - деді Бақтияр Мәкен. 

Оның айтуынша, коммуналдық қызмет үшін төлем «Астана ЕРЦ» ЖШС шотына ақшаны аудару жолымен жүргізіледі.

«Жақында ғана Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ережелерге өзгеріс енгізген еді. Ендігі кезекте әлеуметтік әлсіз топтағы отбасының мүшесі өтінімді бере алады», - деді ол.