Бауырлас Түркияның бұл қадамы коронавирус індетімен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың айқын көрінісі болып табылады.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 11 мамырда Түркияның жетекші фармацевтикалық өндірушісі «Abdi Ibrahim» компаниясы да COVID-19 коронавирусымен күресуде белсенді қолданылатын, құрамында хлорокин бар «Kutlu» дәрісі мен ацетилцистеин препаратын Қазақстанға гуманитарлық қолдау ретінде жібергенін атап өткен жөн.
Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.
Бұдан бұрын Қазақстанға гуманитарлық көмекті YDA Holding, Anadolu Endustri Holding (Coca-Cola Icecek), Nobel Ilac сияқты басқа да бірқатар түркиялық инвесторлар тарапынан жіберілгендігін атап өткен жөн.