
Қытайдың орталық бөлігіндегі Хуанань провинциясында «Усаги» тайфунының әсерінен 16,6 мың адам жапа шегіп, 8 мың тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілген. Ал елдің оңтүстігінде бұл табиғи апаттан 25 адам қаза тапқан. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Қытайдың Гонконг қаласындағы әуежайында «Усаги» тайфуны салдарынан 400-ден аса әуе сапары кейінге қалдырылды. «Усаги» соңғы 30 жыл ішінде аймақта орын алған ең күшті тайфун ретінде бағаланып отыр. Оның эпицентрі Гонконг қаласынан 160 шақырым жерден шыққан. Жергілікті мамандар оның қауіптілік деңгейін мүмкін болған 10 баллдық мөлшер бойынша 8 баллға бағалап отыр.
Айдар Өрісбаев.







