Саясат • 12 Мамыр, 2020

Жобалар қатаң бақыланады

161 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Осы жылы өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жалпы құны 43 млрд теңге болатын 200 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобалардың тиімді жүзеге асырылуы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бақылауында болмақ.

Жобалар қатаң бақыланады

Облыс әкімдігінің мәліметін­ше, бағдарламаның орындалуы жөнінде өткен отырыста өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов әрбір жобаның іске қосылуы қатаң бақылауда болатынын ескерткен. Яғни, бақылау ба­ры­сы жұмыс орындарын құру­ға арналған мем­лекеттік бағдар­ламаны нақты іске асыру мен мерзімі үшін жа­уап­кершілік жүктейді.

– Біз тізбелеген 200 жобаның іске қосылуы – өңірде 12 мыңнан астам адамның жұмыспен қам­тылуы деген сөз. Бұл адам­дар­дың көбі «Жұмыспен қам­ту орталықтарында» жұ­мыс­сыз ре­т­інде есепте тұр­ға­ны белгілі. Сол үшін де «Жұмыс­пен қамтудың жол картасы-2020» бойынша жос­парланған бар­лық жоба жыл соңына дейін аяқ­талуы тиіс, – деді Әбіл­қайыр Сқақов.

Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасы еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі ахуалға орай қала, аудан әкімдеріне, түрлі бас­қармаларға барлық жоба­лық және конкурстық құжат­тама­ларды қайта қарау қа­жеттігі тапсырылды. Енді «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағ­дарламасы жергілікті Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі мамандарының бақылауында болмақ. Бұған қоса оны Nur Otan пар­тиясының мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, жұртшылық қадағалайды. Барлық жұмыстарды қадағалау барысы фото, бейнетіркеу мүмкіндігімен бірге мобильді қосымша топ құрылады.

Қатаң түрдегі бақылау жаңа жұмыс орындарын құру, өңір тұрғындарының әлеуетін арттыруда жобалар құнының өсуіне, жұмыстардың сапасыз орындалуына жол бермеуі қажет.

Облыстық Тексеру комис­сиясының сайтынан бұған дейін бағдарламаларға бөлінген қыруар қаражаттың қалай мақсатсыз және тиімсіз жұмсалғанын көруге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Пав­лодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ай­дар Тастеміровтің айтуынша, осы жылы өңірде сыбайлас жемқорлық фактілері бо­йынша 70 қылмыстық іс тергелген болса, 15 қылмыстық іс сотқа жіберілген.

– Жалпы мердігерлер жұ­мы­сының мониторингінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу үшін бұл іске жергілікті құқық қорғау органдарының қа­тысуын да сұраймыз, – деді Әбіл­қайыр Сқақов.

Ал шағын және орта кәсіп­керлік жұмысын тұралатқан қазіргі жағдайда іске асырылуға ұсы­нылған жобаларды тек­серетін, уақытты созатын комиссия тек­серулері алынды. Облыс бо­йынша 45 мыңнан астам ша­ғын және орта кәсіпкерлік ны­санның иелері Міндетті әлеу­меттік ме­дициналық сақтан­дыру тө­лемдерінен, басқа да жар­налар, аударымдардан босатылды. Үкіметтің Қаулысымен Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың салалық шектеулері де жойылды.

Өңірлік Кәсіпкерлік және сау­да басқармасының басшысы Жайық Хасановтың айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында биыл облыстағы шағын және орта бизнесті қолдауға 5 млрд теңге бөлінген.

Жыл басында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша құны 2,2 млрд теңге тұратын өңдеу өнеркәсібі, көлік салаларына арналған 112 жобаға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар 6,3 млрд теңгеге 193 жобадан тұратын топ құрылды. «Қарапайым заттар экономикасына» жыл басынан бері құны 4,4 млрд теңге болатын 16 жоба іске асырылса, 22,3 млрд теңгеге 59 жоба ұсынылды.

Бағдарламалар іскерлік бел­сен­діліктің төмендеуі, карантин режімі жағдайында кәсіп­керлік қызметтің уақытша тоқ­татылуы, екінші деңгейлі банк­терде заңды тұлғаларға қызмет көр­сетудің шектелуінен жұмыс барысы төмендеген. Бірақ жоба­лардың уақытында орындалмауына бұл да себеп емес. Бұ­ған дейін де қап­т­аған сандардың ортасында қал­ған жарымжан жо­балар­дан басқармалардың өз­де­рі де адасып жүрген-ді. Сон­дықтан облыс әкімдігі «Бизнес­тің жол картасы-2020», «Қа­ра­­пайым зат­тар эконо­микасы» бағдар­ламаларының басым­дықтары мен талаптарын жер­гілікті жерде түсіндіру, ақпа­рат­тандыру бойынша жүр­гізілген жұмыстың нәти­жесін нақ­ты­лайтын есеп беруді міндеттеді.

 

Павлодар облысы