Осыған дейін Қазақстанда банкротқа байланысты іс қозғау бойынша мораторий енгізуге Үкіметке ұсыныс хат жолдаған едім. Неге десеңіз, төтенше жағдайдың күрделі кезеңінде кəсіпкерлер бұл дағдарыстан қалай шығатынын білмей алаңдай бастады.
Төтенше жағдай режімі аяқталып, оның салдарларын реттеу оңайға түспейтіні анық. Алайда көптеген ұйымның аяғына нық тұруы ауыр болатыны қазірдің өзінде байқалуда. Бұл кредиторлар берген өтініштердің негізінде банкроттық туралы қозғалған істердің артуына ықпал етпек. Мұндай әрекеттер іс жүзінде жұмыс істеп тұрған, бірақ та дағдарыс салдарынан зардап шеккен ұйымдардың қаржылық жағдайын одан сайын нашарлата түседі. Сондықтан бұл мәселеге Президенттің араласуы қажет және дер кезінде қолға алынған шара деп есептейміз.
Рустам ЖҮРСІНОВ,
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл