Спорт • 12 Мамыр, 2020

Турнирде топ жарды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Astana Pro Team» кәсіби велокомандасы алғаш рет өткізілген «Джиро д’Италия» виртуалды веложарысында топ жарды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Турнирде топ жарды

Соңғы жетінші кезеңді төртінші орынмен аяқтаса да, біздің команда мүшелері жалпы есепте бірінші орын иеленді. «Astana Pro Team» жарыс басталған сәтте-ақ тізгінді қолға алған болатын. Jumbo – Visma командасы екінші, Androni Giocattoli – Sidermec ұжымы үшінші орыннан көрінген.

Айта кетелік, велоспорттан ел чемпионы Алексей Луценко виртуалды турнирдің бірінші кезеңінде жеңіске жетті. Ал алтыншы кезең қорытындысы бойынша тағы бір команда мүшесі Якоб Фульсанг көш бастады.