Спорт • 12 Мамыр, 2020

ФИФА уақытша өзгеріс енгізді

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерация­сы (ФИФА) футбол ережелеріне уақытша өзгеріс енгізді.

ФИФА уақытша өзгеріс енгізді

Енді командалар бір ойында бұрынғыдай 3 емес, 5 футболшыны ауыстыра алады. Тек бұл ережені қолдану-қолданбауды әр чемпионаттың басшылығы мен команда өкілдері өздері шешеді. Сондай-ақ ойыншы алмастыру кезінде уақыт созудың алдын алу мақсатында командалар ойын барысын­да тек 3 футболшыны ауыстыра алады. Ал үзіліс уақытында екі футболшыны ауыстыруына мүмкіндік бар. Пайдаланылмаған мүм­­кіндікті қосымша уақытта қолдана алады.

Бір ескеретін жайт, ойын кезінде қосалқы құрамға алынған футболшы қайтадан алаңға шыға алмайды. Аталған ережені командалар 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалана алады.

 

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00