Руханият • 12 Мамыр, 2020

Көптің ойынан шықты

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Бұл ардагерлер мәселелеріне қатысты көптен бері айтылып келе жатқан өтініштер мен талап-тілектерге билік тарапынан назар аударылғанын көрсетеді.

Көптің ойынан шықты

«Ардагерлер туралы» Заң­да­ негізінен әлеуметтік жағы­нан қорғалатын ардагер­лер­дің 5 түрлі санаты атап көрсе­тіл­ген және олар үшін ар­найы мемлекеттік жәрдем­ақы мөлшері тағайындалған. Бұл Заң бойынша енді Ұлы Отан соғысының ардагер­леріне, басқа мемлекеттер аума­ғындағы ұрыс қимыл­дары­на қатысқан ардагерлерге және жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңес­тірілген ардагерлерге, еңбек ар­дагерлеріне, сонымен қатар осы заңның күші қолданы­латын басқа да адамдарға ерекше жағдайлар жасалмақ.

Заңның 4-бабы мен 8-баптары аралығында жағдай жа­салатын ардагерлердің са­нат­­­тары қамтылса, 9-бапта ар­да­­­герлердің мәртебесі бел­гі­л­ен­ген. 10-14-баптарда ар­­дагерлерді  әлеуметтік қол­дау шара­ларының түрлері атап көр­сетіл­ген. Әлеуметтік қол­дау шара­ларының ең бастысы – жоға­рыда аталған ардагер­лер­дің бар­лығына жүйелі түрде ар­нау­­лы мемлекеттік жәр­дем­ақы төленетін болады. Же­ңіс­тің 75 жылдығы қар­са­ңын­да Мемлекет басшы­сының «Ар­дагерлер туралы» Заң­ды қол­­данысқа енгізуі жоғары­да атал­ған санаттағы ардагер­лер­дің ғана емес, бүкіл көпшілік қа­уым­­ның да ойынан шыққан игі іс.

Қабылданған Заңның басты мақ­саты бойынша енді ардагер­лерге әлеуметтік қолдау шара­лары күшейтіледі. Жаңа Заң­ның ерекшеліктерімен ег­жей-тегжейлі танысқан Қазақ­­станның әрбір азаматы «Ұлы Отан соғысының қатысу­шы­лары мен мүгедектеріне және со­ларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заң­ның күші жойылғанын есте ұста­ғандары жөн деп білемін. Ес­кі Заңда үстірт аталып өтіл­ген немесе қалтарыста қа­лып кеткен көптеген мәсе­ле­лер бұл жолғы жаңа Заң­да жан-жақты қозғалып, те­рең тал­данып, өзгертіле толық­тыры­лып, кеңінен қамтыла қарас­тырылған. Президент Қ.Тоқаев қол қойып, қолданысқа енгізген жаңа Заң осынысымен құнды.

 

Үміт БИТЕНОВА,

ақын