Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Баянауылда 44 жер учаскесінің пайдаланылмай жатқаны анықталған

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аудан әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы ауданда 67,8 мың ірі қара, 81,4 мың ұсақ мал, 37,8 мың жылқы тіркелген.

Баянауылда 44 жер учаскесінің пайдаланылмай жатқаны анықталған

Асыл тұқымды мал өсіретін  30-дан аса шаруашылықта 4472 қазақтың ақ бас сиыры, 664 герефорд, 1100 қазақтың құйрықты қойы, 711 бас «Жабы» жылқысы бар. Бірақ, аудан басшылығы мал өсіретіндер көп болғанымен, ірі шаруашылықтардың аз екенін айтады. Сондықтан, алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар арқылы  шаруашылықтар санын арттыру жоспарлануда. Өйткені, аудан  аумағындағы 228 шаруа  қожалығының жері артық, керісінше 241-іне мал жайылымы жетіспейді.Бұл ретте, игерілмеген жерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Бүгінде 44 жер учаскесінің (73584 га) пайдаланылмай жатқаны анықталды. Ал 196 шаруашылық жайылым жері бола тұра, малын ауылдың ішінде бағуда. Қазір  мал иелеріне малды ауылдан шығару жайы  хабарланды.

Аудандағы техника паркі жыл сайын шамамен 1,2 пайызға ғана жаңартылады. Бұған дейін мемлекеттік бағдарлама шеңберінде техника сатып алсаңыз, 50 пайыз субсидия берілетін. Қазір 25 пайызға төмендеген. Аудан әкімдігі жергілікті шаруа қожалықтарын жеңілдіктерді барында тиімді пайдаланып, техникаларын жаңартуға шақыруда. Бұған шаруа қожалық басшылары бағдарламалардың механизмін өзгерту қажет. Қаражатты бір жерден алып, бір жерге тапсыру керек. Құжат жинау, субсидияны күтуге біршама уақыт кетеді деді. Бұл көптеген баянауылдық шаруаларға ортақ мәселе. Шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдар-ламаларға қатысқысы келетінін, алайда кепілдік мәселесі алдан шығатынын айтады. «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ облыстық филиалының өкілдері Баянауылдағы жылжымайтын мүліктің жоғары бағаланатынын алға тартты.

 

Павлодар облысы