Коронавирус • 12 Мамыр, 2020

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 1 адам тіркелді

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясы анықталған адам Батыс Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны. Ол өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан, зертханалық зерттеуге анализ алынған.

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар  1 адам тіркелді

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Ауру ошағында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

12.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 255 адам тіркелген.