Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Қызылорда: Соңғы тәулікте 813 тест сынамасы алынды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада соңғы тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырған тағы бір тұрғын анықталып, науқастар саны 231 адамға жетті. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

Қызылорда: Соңғы тәулікте 813 тест сынамасы алынды

– Жалпы облыста инфекция жұқтырған 231 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте анықталған науқас Қызылорда қаласынан. Осымен облыс орталығында инфекция жұқтырған науқастар саны 94 тұрғынға жетті, – деді Жақсылық Әбдісәметов.

Бас дәрігер өңірде науқастармен байланыста болғандардың жалпы саны 3270-ке жеткенін атап өтті. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны 1798, ықтимал байланыста болғандар 1472 адамды құрап отыр. Барлығы бақылауға алынып, оқшауланған.

Өткен тәулікте облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты 813 тест сынамасы жасалыпты. Брифингте басқарма басшысы облыс тұрғындарын әлі де сақтақ шараларын ұстануға шақырды.