11-22 мамыр аралығында Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі аумақта жауын-шашын кәрізінің магистарльдық коллекторының құрылысы жүргізілуіне байланысты Б.Момышұлы даңғылы бойындағы көлік қозғалысы А.Тоқпанов көшесінің қиылысына дейін жабық болады. Жабық аумақты айланып өту бойынша көлік қозғалысы уақытша сызбаға сәйкес ұйымдастырылады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жолдағы көлік кептелісін болдырмау үшін жүргізушілерден өз бағдарларын алдын ала жоспарлауын сұрайды. Жөндеу жүргізіп жатқан аумақтардағы қозғалыс кезінде жол белгілерін негізге алып, бекітілген уақытша сызба бойынша жүріп, мұқият болуларын сұраймыз», - дейді полицейлер.
Айта кетейік, аталған аумақта жүру жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін шектеледі.