Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы басталды

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы 2020 жылғы 12 мамырдан бастап қайта басталғаны туралы хабарлайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы басталды

«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.

App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.

2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында  940 дерек расталды, оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.