25 Қыркүйек, 2013

Қазақстандықтар Құрбан айтта бір күн демалады

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-09-13-kurban-ayt-2

Естеріңізге саламыз, ҚР Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айттың тек бірінші күні демалыс күні ретінде бекітілген. Ал демалыс күндері сенбі не жексенбі күніне тура келсе, басқа күнге ауыстырылады.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер туралы» Заңында былай деп көрсетілген: «ҚР ұлттық және мемлекеттік мерекелер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мереке күндері болып саналады».

Құрбан айт (құрбан шалу мерекесі) – қажылық маусымының аяқталар кезеңінде тойланатын мұсылмандар мерекесі. Құрбан шалу дәстүрі – Ибраһим пайғамбардан қалған сүннет. Ол хижра жыл санауы бойынша, он екінші айдың оныншы күніне тура келеді, яғни, Рамазан айт мерекесінен кейін 70 күн өткенде тойланады.

Соңғы жаңалықтар