Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Ішкі істер министрі қостанайлық еріктілерге алғыс хат жолдады

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хатын бүгін бір топ еріктіні қабылдаған облыстық полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов табыс етті.  

Ішкі істер министрі қостанайлық еріктілерге алғыс хат жолдады

– Бүгінде артта қалған аса күрделі кезеңде полиция мен дәрігерлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.  Облыс аумағында қойылған 26 тосқауыл бекетінде 500 полицей күн-түн демей қоғамдық тәртіп күзетінде тұрды. Осынау сындарлы сәтте еріктілер полицияға қол ұшын созып, моральдық және материалдық көмек көрсетті. Олар тосқауыл бекеттеріне азық-түлік, медициналық маска жеткізіп тұрды. 

Мәселен, кәсіпкер Евгений Гурский тәртіп сақшыларына 50 қорғаныш костюмін және 500 жұп қолғап тарту етті. Ал «Жанашыр бол» қоғамдық қорының өкілі Александра Серғазинова карантинге жабылған үй күзетінде тұрған 12 полицейді түскі аспен қамтамасыз етті.  Жеке кәсіпкерлер Бақтияр Абдуллин мен Жанат Жұмағалиев тосқауыл бекеттеріне апта сайын ас жеткізіп тұрды.

Жангелді ауданына қарасты Тоқанай ауылында тұратын зейнеткер Қамай Қапаровтың қайырымды ісі ереше атап өтуге лайық.   Зейнеткер күн сайын ауылдан 90 шақырым жердегі тосқауыл бекетіне қатынап, күзетте тұрған тәртіп сақшыларына ас-су жеткізіп тұрды.

Қоғам өміріне бейжай қарамай, күрделі кезеңде азаматтық белсенділік танытып, бізге қолдау көрсекендеріңіз  үшін сіздерге алғыс білдіремін, - деді департамент басшысы.   

 

Қостанай облысы