«Бұл қастерлі күн – бүкіл адамзат баласын фашизмнен құтқару үшін майдан даласында батыл шайқасқан және тылда қажырлы еңбек еткен ардақты әкелеріміз бен аталарымыздың ерен ерлігін ұлықтайтын мереке.
Қымбатты ардагерлерге деген шексіз құрметімізді білдіре отырып, біз әрдайым сұрапыл соғыс кезіндегі өшпес ерлікті, батылдықты, елге деген адалдықты дәріптеп, оларды есімізде мәңгі сақтаймыз.
Жылдар өткен сайын Ұлы Жеңістің мән-маңызы айқындала түсуде және бүгінгі таңдағы біздің елдеріміздегі бейбітшілік пен тыныштық үшін аға буынға деген ризашылық сезім артып келеді», - делінген жеделхатта.