– Төтенше жағдай режімі кезеңінде аймақта есірткіге қатысты жалпы саны 43 қылмыс анықталып отыр. Өкінішке қарай, облыста жарияланған төтенше жағдайға қарамастан есірткі пайдаланушылар саны азаймай тұр. Мәселен, шектеу енгізілгелі 25 адам есірткі пайдаланғаны үшін ұсталды. Сондай-ақ, есірткі құралдарын сақтау бойынша 2, есірткі сату бойынша 13, ал есірткі контрабандасы бойынша 3 қылмыс тіркелді, - деп хабарлады полиция джепартаментінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері облыс полицейлері 4 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген.
Қостанай облысы