Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жарияланды

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 13 мамырға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жарияланды

13 мамырда күндіз Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.            

Орал қ.: 13 мамырда күндіз найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

13 мамырда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

13 мамырда Ақмола облысында батыста найзағай күтіледі.

Көкшетау қ.: таңертең және күндіз 13 мамырда найзағай күтіледі.

13-14 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, батыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ: күндіз 13-14 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, батыс бағытына ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

13 мамырда күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ: 13 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %