Сарапшылардың түсіндіруінше, осы екі сегментті өзге азық-түліктерден бөле-жара талқылауға салмақты себеп бар екен. Әсіресе алма жемісі туралы тақырыптың орны бөлек. Осыған дейін үкіметтік деңгейде өткен жиындарда алдағы бес-алты жылда импорт алма жемісіне деген тәуелділіктен құтыла алмайтынымызды талай рет айтқан болатын. Жиын барысында белгілі болғанындай, пайда біздің біздің жаққа бет бұра бастапты.
Алматы облысының бағбандар қауымдастығының директоры Арсен Рысдәулетов журналистермен кездескен кезде қазақстандық бағбандар өз салаларын дамытумен айналысып жатқанын, үкіметтен қаржылық көмекті сирек сұрайтын деңгейге жеткенін айтты. Алма өндірісі тек қана Алматы, Талдықорғанда ғана емес, оңтүстік аймақтарда жақсы дамып келе жатыр. Дегенмен, бағбандардың қазіргі мүмкіндігі Қазақстанды 100 пайыз өз өнімімізбен қамтамасыз етуге шамасы келмейді. Бұл саланы дамыту үшін қосымша субсидиялар мен екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несие беру арқылы қолдау қажет. «Осы көктемде, карантин кезінде, үкімет ауылшаруашылық компанияларына көктемгі егіс жұмыстары мен айналым капиталын, соның ішінде бағбандарға жылдық 5% -бен жеңілдетілген несие беру туралы шешім қабылдады», деді ол.
А. Рысдәулетов 2019 жылы ішкі нарықтағы алманың 70 пайызын отандық бағбандар қамтамасыз еткенін, ал қалған 30 пайызы Польша, Молдова, Ираннан жеткізілгенін, соңғы жылдары жылдың төрт мезгілінде де елімізде өскен алма жемісінің барлық түрлеріне сұраныс басым екені байқала бастағанын да айтып өтті. Қыс ауа, көктем туа импорттан келген алмаға деген сұраныс күрт артады. Жылдың осы мезгіліне дейін сырын білдірмей сақталған қазақтың алмасы сәуір тура сыртқы формасын бұзып, тауарлық сипатын жоғалтып алады екен. Қазір қазақстандық бағбандар алманы сақтау мерзімін ұзарту үшін жұмыс істеп жатыр.
1990-2000 жылдардың басында алма бақтары жойылып кеткенін, 2010 жылдардың басынан бастап мемлекет бұл салаға шындап көңіл бөле бастағаны белгілі. 2010 жылдан бері кезеңдерде егілген алма көшеттері енді бабына келіп, жеміс бере бастағанын тілге тиек етіп өткен Арсен Рысдәулетов алдағы бірер жылда өнімділігі артатынына сенімді екенін жасырмады.
Отандық алманың сыртқы нарықтағы бағасы, Ресейдің өзінде, ішкі нарыққа қарағанда жоғары екенін сарапшылар осыған дейін талай рет айтқан. Сондықтан оңтүстіктегі бағбандар өнімдерін Ресейдің оңтүстік аймағына экспорттайды. Бірақ көрші елдегі бөлшек сауда желілерінің алма сапасына деген талабы жоғары. Өз-өзіне сенген және айналымда қаржысы бар бағбандар ғана Ресейге импортайды. Ішкі нарықты өз алмамызбен толықтай өзін-өзі қамтамасыз ету жүйесіне көшу үшін фермерлер алманың сапасын жақсартуға, бау-бақша алқабын кеңейтуге және табысты технологияны енгізуге мүдделі болуы керек. «Үкімет инфрақұрылымды жетілдіріп, алма өндірушілерге субсидиялар тізімін кеңейтсе деген тілек бар. Доллардың қымбаттауы мен мен ұлттық валютаның девальвациясына байланысты фермерлер қиындықтарға тап болуда, өйткені біз көптеген тауарларды басқа елдерден сатып аламыз. Бұл біздің өнімдеріміздің бағасына әсер етеді» деді Арсен Рысдәулетов.
Қазақстандағы бағбандықты дамытудағы негізгі проблемалар - инфрақұрылым мен кадрлар. Сол себепті бағбандар қауымдастығы соңғы бірер жылда 12 кішірігім шаруа қожалықтарымен толыққан. «Dutch Fruit Solutions Kazakhstan» (DFSK) халықаралық жобасына қатысып, Нидерландыда 14 компаниямен тәжірибе алмасу туралы келісімге қол қойған. Сарапшылар Қазақстанда сүт ұнтағын дайындауда кедергілер көп екенін осыған дейін талай рет айтқан. «Сүт өнімдері жеткілікті болуы үшін сүт ұнтағы қор Оны алдын ала жеткілікті мөлшерде дайындау үшін шикі сүт мол болуы керек» деген .
«Данон Беркут» ЖШС корпоративтік қатынастар жөніндегі директоры Дінмухамед Айсауытовтың түсіндіруінше, дамыған агроөнеркәсіптік секторы бар елдерде, мысалы, Беларуссияда, Жаңа Зеландияда, көктемде және жазда - азық-түлік жеткізілімі едәуір кеңейетін кезде артық сүт қорын жинап, сақтап қоюға мүмкіндік мол.
«Осы кезеңде олар сүттің құрамындағы сұйық фракцияны алып тастап, арнайы технологияны қолдана отырып «кептіріп, сақтап қояды. Қазақстанда бізде жағдай басқаша, сүт өнімдерін өндірушілердің бәрі бірдей сапалы шикі сүтке ие бола бермейді. Сондықтан, біз өзіміздің сүт ұнтағымызды қашан өндіретінімізді білмеймін. Аз мөлшерде кептіріп, пайдаланып жүргендер бар. Бірақ оны өндіріс деп айтуға келмейді. Бұл жүйе мемлекеттік деңгейде, соңғы технологиямен жабдықталған цехтарда жүзеге асып, керек кзеде жан-жаққа таратылып отыру керек. Біз сол кезде ғана импорт сүт өнімдеріне деген тәуелділік деңгейін төмендете аламыз» деді Дінмұхамед Айсауытов.
Қазір ішкі нарықтағы сүт өнімдеріне қатысты көзқарас жүйеленбеген. «Ел ішінде сүт пе, әлде сүт дәмі бар сусын ба? деген күдік басым.
Осы ретте Дінмұхамед Айсауытов дүкендер сөрелеріндегі сүт өнімдерінің бәрінен бірдей күдіктенуге себеп жоғын айтып өтті. «Сүттің органолептикалық және микробиологиялық көрсеткіштері әр түрлі болады. Қыста тамақтандырылатын сүттің құрамында көктемде немесе жазда сиыр беретін сүтке қарағанда майдың мөлшері аз, ол ақуыз аз. Сонымен қыста йогурт дәмсіз болмауы үшін оған сүт ұнтағының белгілі бір пайызы қосылады. Бұл ақуыздың қажетті пайызын алуға мүмкіндік береді» дейді Дінмұхамед Айсауытов.