«Бұл жеңілдіктер КВИ сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда енгізілуі мүмкін екеніне назар аударғым келеді. Бұл бірінші кезең. Келесі 2 кезең COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан артық емес және одан әрі 2%-дан артық емес деңгейге жеткен жағдайда дәйекті түрде көзделген», – деп атап өтті Ж. Піралиева.
Оның айтуынша, бұл ретте, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік және әдет-ғұрып шараларын өткізуге, сауда және ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың, діни нысандардың қызметіне тыйым салынған.
«Нұр-Сұлтанға жұмысқа келу тәртібіне жеке тоқталғымыз келеді. Целиноград, Аршалы және Шортанды аудандарының, Ақмола облысының тұрғындары үшін карантин аймағына кіруге Нұр-Сұлтан қаласының ұйымдарының жұмыс орнынан анықтама және аталған аудандар мен елді-мекендерде тұрғылықты тіркелгені туралы мәліметтерді көрсеткен жағдайда ғана рұқсат етіледі. Қалған азаматтарға кіруге рұқсат Нұр-Сұлтан қаласында тіркеуде тұрғаны туралы және жұмыс орнынан анықтамасы болған жағдайда беріледі. Бұдан басқа шектеу шаралары мен карантиннің сақталуын бақылау қалай жүзеге асырылатыны туралы барлығын хабардар етеміз. Естеріңізде болсын, ТЖ режимі алынып тасталғанымен, карантин қалды», – деді Ж.Пірәлиева.