Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Қызылорда: Азық-түлік қоры жеткілікті

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тапшылығын болдырмай, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.

Қызылорда: Азық-түлік қоры жеткілікті

-Сауда орындары мен қоймаларда және тұрақтандыру қорында 12,4 мың тонна әлеуметтік маңызы бар өнімдер қоры сақталып, сатылуда. Оның ішінде, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорында 3876,4 тонна өнім бар. Сонымен қатар, төтенше жағдай енгізілуіне байланысты облыс бюджетінен 4,3 мың тонна өнім сатып алуға қаржы бөлінді. Әлеуметтік дүкендер қажеттілігіне қарай отандық тауарөндірушілерден 300 тонна күріш, 100 тонна пияз, 35 тонна қырыққабат, 50 тонна сиыр еті сатып алынады, деді Сейілбек Серғазыұлы.

Бұған қоса, облыстағы көкөніс өнімдеріне тапшылықты болдырмау үшін Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімдіктерімен ерте пісетін көкөніс өнімдерін кедергісіз жеткізу мақсатында меморандумға қол қойылды.

Соңғы күндері Түркістан облысынан 100 тоннаға жуық қырыққабат жеткізіліп, Қызылорда қаласы мен аудандарда арзан бағада сатылды.