«Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №486 бұйрығына да өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Бұйрық жобасы мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі авиация персоналы жұмысының тиімділігін арттыруға ықпалын тигізетін болады.
Аталған нұсқаулықпен мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналының қызметі регламенттелген. Өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан мемлекеттік авиациясы ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі Конференциясы хаттамасына, сонымен қатар мемлекеттік авиация қызметін регламентейтін нормативтік-құқықтық актілері қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес талдаудың қорытындысы бойынша әзірленді.
Одан бөлек, «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік авиациясы қызметін бақылау және қадағалау органының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру және пайдалану қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №370 бұйрығын жою туралы» бұйрық өз күшін жойды.
Сонымен қатар құрылымдық бөлімшемен «Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №424 бұйрығына өзгерістер енгізілуде. Жаңа редакцияда тексеру жүргізу үшін объектіге келген ұшу қауіпсіздігі органдарының лауазымды тұлғаларына қызметтік куәліктерін көрсетулерін қажет ететін тармақшаға өзгерту енгізу ұсынылады. Оның орнына жеке куәлікті көрсетуді белгілеу ұсынылады.
Жоғарыда аталған бұйрықтардың жобасы «Электрондық үкімет» сайтының «Ашық НҚА» бөлігінде орналастырылған, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу үшін дайындалды.