Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан аумағында жолаушылар автобус тасымалдары, оның ішінде қалалық жолаушылар автобус тасымалдары, жолаушылар поездары, тұрақты әуе қатынастары тоқтатылды.
Кейбір кәсіпорындарды карантинге жабу көлік пен логистикаға әсер етіп, жеткізу көлемін және тасымалдауға тапсырыстарды төмендетеді.
Дегенмен, бұл кезеңде Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% ұлғайып, 211,6 мың жиырма фунттық балама құрады. Оның ішінде Қытай – Еуропалық Одақ – Қытай бағыты бойынша контейнерлер тасымалы 25 % артқан.