Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Алаяқтардан сақ болыңыз!

1153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір құқық қорғау қызметкерлері алаяқтық қылмыстарға баса назар аударып отыр. Оңай олжа көздегендер өздерін әлеуметтік, зейнетақы және коммуналдық мекемелер өкілдері ретінде таныстырып, арзан бағада азық түлік және басқа да қажетті заттар алуға ұсыныс жасап, азаматтардың сеніміне кіріп, арбауына түсіруде. Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ермек Ысқақов тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Алаяқтардан сақ болыңыз!

-Көп жағдайда, алаяқтар қарт кісілерді, қаржылық көмекке мұқтаж азаматтарды таңдап, оларға баспана алуға көмектесемін, аз пайыздық мөлшермен несие алып беремін деген желеумен алдайды, – дейді ол.

Сондай-ақ қазір ғаламтор желісіндегі алаяқтық қылмыстар да өсіп отыр. Алаяқтар әлеуметтік желілерде тұрмыстық заттарды сату-жеткізу парақшаларын ашып, алдын ала ақшасын тиісті есеп-шотқа аудартып алады, тапсырыс берушінің жеке мәліметтері арқылы сырттай онлайн несие рәсімдейтіндер де бар.

«WhatsApp» желісінде пайыздық мөлшермен үстемақыны көбейту секілді смс хабарламаларға алданып, көрсетілген есеп-шоттарға ақша аударатындар бар. Бұл алаяқтың алпыс айласының бірі.

Қалалық Полиция басқармасының бастығы Ермек Ысқақов ғаламтор арқылы қажетті заттарға тапсырыс бергенде алдын ала төлем жасауға асықпаған жөн екендігін айтады.