Руханият • 13 Мамыр, 2020

Волонтерлерді қолдау орталығы ашылды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында «Birgemiz: Asyl mura» жалпыұлттық жобасы аясында Волонтерлерді қолдау орталығы ашылды. Аталған орын аймақ волонтерлерін қолдаумен қатар, олардың біліктілігін арттыруға жағдай жасамақ.

Волонтерлерді қолдау орталығы ашылды

Ұйымдастырушылар орталық тарихи-мәдени мұраны сақтау, насихаттау саласында волонтерлермен жұмыс істеу, волонтерлердің басын қосып, шеберлік сағаттарын өткізуді мақсат ететінін айтты. Орталықтың жұмысы халық арасында волонтерлік қозғалысты дамытуға да кеңінен жол аш­пақ. «Жамбыл облысының тари­хи-мәдени мұраларына қызығу­шылық танытатын волонтерлер орталыққа келіп, ақыл-кеңеске жүгіне алады», дейді ұйым қыз­мет­керлері.

Аталған орталықта волонтерлерге арналған семинар-тренингтер, оқу курстары жиі өткізілмек. Онда аймақ жастары өзін-өзі дамытуға, біліктілікті арттыруға мүмкіндік алады. Волонтерлермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол маман Айжан Алебаева орталық басшысы болып тағайындалды.

Ұйымның жұмыс бағыт­та­ры белгілі. Басшының сөзі­не сүйен­сек, волонтерлер археоло­гия­лық-қазба жұмыстары, реста­вра­циялық жұмыстар, туризм бағы­тындағы гид волонтерлер, мәдени нысандарға мониторинг жүргізу бағыттары бойынша даярланады.

Алдағы уақытта дәл осындай орталықтарды Түркістан, Қарағанды облыстарында да ашу жоспарланған. Бұл бастама «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылды.