Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы қайта басталды

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 мамырдан бастап «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы қайта жаңғыруда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы қайта басталды

Орталық келесі мәселелер бойынша қызмет көрсетеді:

– атаулы әлеуметтік көмек; – заңгерлік көмек;

– денсаулық сақтау;

– білім;

– бизнес;

– «Кәсіпкер ана» жобасы.

Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау карантин шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Азаматтар бетперде киіп, әлеуметтік қашықтық сақтауы тиіс.

Сонымен қатар орталықтың барлық қызметтерін онлайн режимде келесі телефондар арқылы алуға болады: 57-87-00, 57-88-88. АӘК мәселелері бойынша кеңес: Алматы ауданы – 87753510000 Сарыарқа ауданы – 87770386648 Есіл ауданы – 87759396342 Байқоңыр ауданы – 87021068981

Орталық ашылғалы (26 тамыздан бастап) 27,4 мың мәселе бойынша 12,2 мың адам жүгінген (20,6 мың сұрақ бойынша жүйелі кеңестер берілді, 6,7 мың сұрақ бойынша шешімдер қабылданды).