Аядай ауылда карантин ережесін сақтауды қамтамасыз етпегені үшін облыс басшысының шешімімен ауыл әкімі жұмыстан шеттетілді. Ал аудан әкіміне сөгіс жарияланды. Қазір ауылға кіре беріс тұсқа блокпостар қойылып, күзет күшейтілді.
Вирус көп тараған аудандар арасында Бейнеу мен Қарақия көш бастап тұр. Бейнеу ауданында 37 тұрғыннан КВИ анықталды. Арасында қоғамдық жұмыс өкілдері мен дәрігерлер де бар.