Қала көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау үшін алдымен арнайы конкурс тағайындалған. Жөндеу жұмыстары кезінде 9 адам еңбекпен қамтылмақ. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көше жолдарын қалыпқа келтіру үшін республикалық бюджеттен 50 млн теңге бөлінген.
– Тендер ұтып алдық. Қазір Әуезов көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Мамыр, маусым айларында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – деді «Мираш-н» серіктестігінің директоры Асқарбек Шаяхметов.
Бұдан бөлек, қаладағы №2 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мұнда 400-дей оқушы білім алады.
Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстарына дайындық басталып кетті. Мектептің жөндеу жұмыстарына республикалық қазынадан 335 млн теңгеден артық қаржы бөлінген.
Есіл ауданы,
Ақмола облысы