Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Есіл ауданының әкіміне ескерту жасалды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есіл ауданындағы саябақтың қазіргі күйі мен жұмыс қарқынының төмен болуына байланысты аудан әкімі Берік Жәкенов пен мердігер ескерту алды. Барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді. Абу-Даби Плаза маңында орналасқан саябақ екі жыл бұрын ашылуы тиіс болатын. Желілік саябақ биыл ашылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан: Есіл ауданының әкіміне ескерту жасалды

Саябақ аумағы 11 гектардан асады. 3,5 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Аумақта балаларға арналған ойын алаңы, скейт-алаңы және т. б. орнатылды.

Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Олардың қатарында саябақтар және басқа да таза ауада серуендеуге арналған орындар бар. Аталмыш орындардың басым бөлігі «жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында абаттандырылады. 10 жерде жұмыстар басталды.

Шеткері аймақтарды дамыту аясында «Көктал» елді-мекенінде саябақ құрылысы жалғасып жатыр. Саябақ аумағы тыныш демалыс аймағы, белсенді демалыс аймағы және балалар демалыс аймағы болып 3-ке бөлінеді. Саябақ аумағында 8 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, 4 ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.