Коронавирус • 13 Мамыр, 2020

COVID-19: ДДСҰ Қазақстанды үлгі етті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның COVID-19-бен күресудегі іс-қимылдарын бағалады.

COVID-19: ДДСҰ Қазақстанды үлгі етті

«Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі», – деп жазды Клюге Twitter парақшасында. Осылайша, Ханс Клюге елімізді коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыру бойынша белсенді әрекет етіп жатқан ел ретінде көрсетті.

Ол Қазақстанда жоғары бағаланған вируспен күрес шараларын атап өтті:

  • Күшейтілген бақылау;
  • Ауқымды тестілеу, соның ішінде медицина қызметкерлерін тексеру;
  • Деректер санын белгілеу;
  • Вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандарды қатаң қадағалау және вирустың одан әрі таралуының уақытылы алдын алу;
  • Пациенттерді дұрыс емдеу;
  • Зерттеу.