Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Қарағандының құтқарушылары жұмысты қарқынды бастады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушы тобы Мақтаарал ауданындағы апаттық-құтқару жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандының құтқарушылары жұмысты қарқынды бастады

Қарағандылық құтқарушылар аталған ауданның Фирдоуси және Жеңіс ауылдарында суды сору арқылы ағызу және бағытын басқа жаққа бұру жұмыстарымен айналысуда. Олар төрт күннің ішінде 15 үйдің маңындағы аумақтан 110 мың  текше метрден астам суды сорып, топырақты құрғатқан.

Құтқарушылар тәулік бойы екі ауысыммен жұмыс істеуде.

Еске салар болсақ, Қарағандыда жасақталған құтқарушы топ 9 мамырға қараған түні авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету үшін Түркістан облысына жеткен болатын. Олар сол күні таңертең Мақтаарал ауданының Фирдоуси ауылында су ағызу  жұмыстарына  бірден кірісіп кеткен екен.

8

9