Осы ретте облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 5 жоба жүзеге асырылуда. Жөндеуден өтетін облыстық жолдардың ұзындығы 91,2 шақырымды құраса, аймақтың аудандарында жолдардың 268,24 шақырымы жөнделеді. Дәлірек айтқанда, аудандық жолдарда жүзеге асырылып жатқан жобалар саны – 19.
Мәселен, жергілікті маңызы бар:
«Майқайың – Екібастұз» жолының 23-29 шақырымдары,
«Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты» жолының 25-37 шақырымдары,
«Ертіс – Ертіс бекеті» жолының 38-40, 63,0 – 67, 1 және 62-63 шақырымдары қайта жаңарту жұмыстарынан өтпек.
Бұдан бөлек, осы жылы «Ақсу ауылы – Ленинский ауылы» жолы, «Шиқылдақ селосына кіру жолы», Шиқылдақ – Жарсор көлі» жолы, « Торайғыр селосына кіру жолы», «Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты», «Башмачное – Озерное», «Кузьмино-Лесное», «Песчаное-Львовка», «Ефремовка-Луганск» жолдары, «Аққу – Қазы – Майқараға», «Жаңа жұлдыз – Петропавловка», «Шарбақты – Галкино – Мақпал» жолдары, «Екібастұз қаласы әуежайына кіру жолы», KS ZL-1 Башмачное-Озерное», «Ақтоғай-Харьковка», «KS KM-1 Қызыл Октябрь - Жаңа Ақшиман» және «Шақат-Восточное-Шалдай» жолдары орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады.
Айта кету керек, Павлодар облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 942 шақырымды құрайды. Аталмыш жолдардың 82,6 % жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. 2019 жылы осы көрсеткіш бойынша ел өңірлері арасындағы рейтингте Павлодар облысы Маңғыстау және Жамбыл облыстарынан кейінгі 3 орынға жайғасқан болатын. 2020 жылғы қорытындыларға сәйкес жүргізілетін жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде өңірдегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85% жеткізіледі деп күтілуде.