Спорт • 13 Мамыр, 2020

Бессайыстан әлем чемпионатының өту мерзімі анықталды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) Токио Олимпиадасына байланысты ауыстырылған жарыстар күнтізбесін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Бессайыстан әлем чемпионатының өту мерзімі анықталды

Беларусь астанасы Минскідегі әлем чемпионаты 7-13 маусымға жоспарланған. Будапешттегі әлем кубогі 24-28 наурызда ұйымдастырылады.

Сондай-ақ сәуір айында әлем кубогінің тағы екі кезеңі өтеді деп күтілуде. Финалдық кезең 13-16 мамыр аралығында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтеді.