Әлем • 13 Мамыр, 2020

Дүниежүзінде болған апатты жағдайлар: 11 мамыр

513 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл топтамада бір күнде дүниежүзінде болған табиғи апатты жағдайларды жариялап отырамыз. 11 мамырда болған ірі оқиғалар:

Сауд Арабиясының батысындағы Таиф қаласында қатты жауған жауын салдарынан су тасқыны болды. Қаладағы бірнеше ауданды су басқан. Орталықтағы су деңгейі 50 см-ге дейін көтерілген. Зардап шеккендер жоқ.

123

 

Шығыс Африка аймағындағы Уганданың батыс аймақтарындағы жойқын су тасқынының салдарынан 100 мыңға жуық адам жергілікті мектептерде, шіркеулерде және қоғамдық ғимараттарда құрылған уақытша баспаналарға эвакуацияланды. Уганда үкіметінің мәліметінше, 5 мамырдан бастап қатты жауған нөсердің салдарынан Касеке және Бундибугио аймақтарындағы барлық өзендердің арнасы толып кетті. Ауыл шаруашылығының жерлеріне зиян келіп, мал қырылған. 

123

 

Мексиканың Чиуауа штаты мен солтүстігінде орналасқан Сьюдад-Хуарес қаласын жалғайтын жолда торнода болды. Деректер бойынша, метеорологиялық құбылыс 135 шақырым жерде болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.  

1

 

Польшаның Вармия және Масурия аймақтарында қар жауды. Қардың қалыңдығы – 5 см-ге дейін. Еріп жатқанына қарамастан жол қозғалысында қиындықтар туындауда. 

123

 

Италияның Рим қаласында жер сілкінді. Магнитудасы 3.3. Жер сілкінісінің эпицентрі ел астанасынан 10 шақырым жерде орналасқан шағын қала Фонте-Нуада болды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

11

 

Индонезияда Jag Leela май құю танкі өртенді. Алдымен екі рет жарылыс дауысы естілді, содан кейін жалын пайда болып, ұзындығы 250 метрлік кемеде үлкен қара түтін пайда болды. Нәтижесінде 22 адам жарақат алды. 

123

 

Канаданың Нью-Брансуик провинциясына қалың қар жауды. Кейбір аудандарда 30 см-ге дейін қар түсті. Ауа-райының қолайсыздығы аймақтың жолдарындағы жағдайды нашарлатып, электр энергетикасын сөндіруге тура келді. Осылайша 2 мың үй жарықсыз қалды. 

111

 

Түркияның Ардахан қаласында қар жауды. Мамыр айында гүлдеуге дайын тұрған ағаштар қар жамылып, кейбір ағаштардың бұтақтары сынды.Қаланың кейбір жерлерінде қар жамылғысының биіктігі 10-15 см-ден асады.    

111