Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев 2013-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы;
2018 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының Спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысы болды.
Әлібек Нұртаев 2002 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетін тәмамдаған. Қызмет жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Туризм және спорт басқармасының бас маманы ретінде бастап, әр түрлі жауапты лауазымдарда еңбек етті.