Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Шымкент: Спорт мектептері жұмысын бастайды

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды.

Шымкент: Спорт мектептері жұмысын бастайды
Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек:
 
- кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау;
 
- температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу;
- кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;
- адамдар жиналуы мүмкін «күту аймағын» болдырмау, олардың арасында кемінде 1-1, 5 метр қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз ету;
- ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде жобалық қуаттан 50%-ға дейін бір мезгілде жиналатын келушілерге рұқсат етіледі және көрермендерді залдарға қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтау;
 
- аумақты таза ұстау және сақтау, қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;
 
- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау
 
- жұмыскерлер арасында жеке, өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;
 
- қолғаптарды, маскаларды, респираторларды жұмыс күні ішінде уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
 
- әрбір 2 сағат сайын оқу-жаттығу процесі мен сабақтар өткізілетін жұмыс орындары мен үй-жайларды желдету;
 
- профилактикалық тексеру жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы;
 
- жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салу, тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде – тамақ ішетін бөлмеде ішу. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен оны күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін қол жууға арналған раковинасы бар үй-жай бөлуді қарастыру.
 
Барлық нысандар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмыс жасайды.
 
Талаптар сақталмаған жағдайда, айыппұл салынып, нысан жабылады.