Елорда • 13 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Автобустардың жүру уақыты белгіленді

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Автобустар сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Бірінші кезеңде линияға қалалық бағдарлар шықса, екініші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан: Автобустардың жүру уақыты белгіленді

«Дезинфекциялық жұмыстар бұрынғыдай жүргізіледі. Автобус жүргізушілері барлық қауіпсіздік шараcын сақтайды: бетперде, қолғап киіп, антисептик қолданады. Сол шараларды жолаушылар да сақтау қажет.

Елордада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне сәйкес, автобустарда жолаушыларды отырғызу алдыңғы есік арқылы, ал түсіру қалған екі есік арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ жүргізушілер билет сатуды уақытша тоқтатады. Жол жүру үшін көлік карталары мен жолақы төлеудің балама тәсілдерін қолдануға болады. Олар SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. Карантин енгізілгенге дейін қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 98%-ды құрады.

Бүгінгі күні елорда қоғамдық көлігінде SMS пен QR арқылы төлем жасаудың келесі мүмкіндіктері бар: QR-код немесе кодты теру арқылы төлеу: kaspi.kz, Homebank, SMSBUS, Рахмет, AstraBus, My Beeline, SENIM, Plus24, My Activ, OYBY. Телефон теңгерімі арқылы SMS-пен төлем жасау (2505 нөміріне хабарлама жіберу): Activ/Kcell, Beeline, Tele2, Altel абоненттері үшін қолжетімді.

Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру тарифтері пайдаланушылардың көлік карталарына қайта жүктеледі. Осылайша, сәуір айындағы жол жүру мамыр айына ауыстырылады. Айлық жол жүру 12 мамырдан 11 маусымға дейін жарамды болады.

Атап өтсек, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер іске қосылды. Елорда қоғамдық көлігінде 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда тегін жүре алады» делінген хабарламада.