Қоғам • 13 Мамыр, 2020

Мемлекет басшысы мәлімдемесі – ел мүддесінің қорғаны

142 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қоғам үшін қазіргі таңда дағдарыстың әлі толық еңсерілмей тұрғандығын, халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесті қолдау үшін көптеген шешімдердің қабылданып, жүзеге асырылатындығын төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында мемлекет басшысы баса айтып өтті.

Мемлекет басшысы мәлімдемесі – ел мүддесінің қорғаны

Экономикалық өсімді қалпына келтіру, аймақтарда дерттің таралуын жою, халықтың денсаулығына қауіптің алдын-алу шараларын одан әрі жүргізу,  салалардың қызметін қалпына келтіру мемлекет үшін аса маңызды міндеттер болып отыр. Көптеген шектеулердің алынып тасталатындығы, бірақ күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігі, ол үшін жаңа санитарлық ережелер дайындалып, шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс жасайтындығыда өз кезеңінде қолға алынған шаралардың бірі. Компаниялар мен кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі азайтылып, елде бірқатар басымдықтардың қолға алынатындығы және олар бизнесті қолдау, дамыту, білім мен ғылым жүйесін жетілдірудің жаңа бетбұрысы ретінде қарастырылуда. Олардың ішінде, бірнеше маңызды бағыттар қолдауға ие болып, назарға алынады, атап айтсақ:

Біріншісі, Қазақстан экономикасының өзін-өзі қамтамасыз етуін жақсартуы. Ол үшін қолданыстағы шикізат базасы негізіндегі өндірісті, өңдеуді дамыту. Экономиканың болашақ құрылымына жаңаша көзқараспен қарау ұсынылып, өнеркәсіптік, энергетикалық, ауылшаруашылық, қызмет көрсету салалары бойынша жаңа экономикалық құрылым құру қажеттілігі, энергетика саласында айтарлықтай реформалардың талап етілетіндігі негізделеді, орта мерзімді перспективада жасыл энергияға көшу шұғыл қажеттілік. Жасыл экономикаға көшу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, жасыл құрылыс, жасыл көлік, қалдықтарды басқару, тұрақты және тиімді үнемдеу және су ресурстарын ұтымды пайдалану аса маңызды болмақ. «Жасыл экономика» аясында ЖІӨ-нің қосымша 3% өсуіне, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жаңа өндірістер мен қызметтердің құрылуына, халықтың өмір сүру деңгейінің жалпыға бірдей жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мүмкіндіктер болады. Пайдаланылған материалдарды сұрыптау және өңдеуді қолға алу қажет етіледі. Отандық өндіріс үшін полигонға немесе өртеуге қарағанда тоннасына 10 есе көп жұмыс орындарын ұсынатын өңдеу саласын игерудің қажеттілігі артады. Бұл бағыттар бойынша даму ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу саласы өнеркәсібі, шікізатты толық игеру салаларына жаңаша даму мүмкіндіктерін әкелетіні сөзсіз.

Екіншіден, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға қаржы бөлінетіндігі, оның ішінде шағын бизнесті несиелеу көзделетіндігі анықталып, қаржыландырылатын жобалар арқылы ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ашу қарастырылған. Үнемі экономикалық табыс әкелетін немесе адами капиталды дамытатын бастамаларды қолға алу жоспарланған. Осыған орай, мектеп, аурухана және басқа да нысандар салынып, жаңғырту жұмыстарының жүргізілуде аса маңызды әлеуметтік көрсеткіш.

Үшінші ретте қол жетімді баспана салу экономикалық дамуға, жұмыспен қамтудың өсуіне және әлеуметтік қолдаудың қуатты ынталандырушысы болатындығы айқындалады. Елбасы бастаған 7-20-25 бағдарламасы ипотекалық несиелендіруге және тұрғын үй құрылысына үлкен серпін беретіндігі, несиелік баспана беру бойынша «5-10-20» жаңа жобасын іске қосу қолға алынбақ. Елде рекордтық құрылыс көлемі жоспарланып, пәтерлер салуды барынша арттыру, азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы іс жүзінде стратегиялық бағыттардың бірі ретінде анықталады. Сондықтан, бұл құрылымды одан әрі жаңарту қажеттігі ұсынылған, бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс тіршілігі көрсеткішін жақсартып қана қоймай, тізбекті экономикалық әсер беретіні анық.

Төртінші болып, әлеуметтік әділеттілік үшін кірістер, жеке табыс салығы бойынша үдемелі шкаланы енгізу мәселесі қарастырылатындығы, мұның негізінде экономикада қаражаттардың әділ бөлінуі және қаражаттың жинақталуы болады.

Бесіншіден, отандық бизнесті қолдау қарастырылған, сұраныстың төмендеуі, активтер мен кепілгерлік құралдардың нарықтық құнының төмендеу жағдайында «Даму» қорының несиеге кепілдік беру құралын пайдаланудың өте маңыздылығы. Жалпы елдің орынықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету, жеке кәсіпкерлік, бірінші кезекте, шағын және орта бизнестің жай-күйі мен даму деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану мәселесінде, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және көптеген жағдайларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері өте зор. Шағын және орта бизнестің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шағын қалалар мен моноқалаларда тұрғындардың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа импульс береді. Осыған байланысты жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша, қаржыландыруда қолжетімділікті жақсарту, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету, қоғам үшін қолға алынған игі істердің бірі деп білеміз.

Алтыншыдан, экономикалық басымдық пен ықтимал әсерге негізделген әр инвестор үшін жеке қолдау шараларын жасау қажеттілігі айтылады, салалардағы стратегиялық инвесторлар үшін барлық инвестициялық заңнаманың тұрақтылық режимін қамтамасыз ету керектігі айқындалады, бұл қазіргі дағдарыс кезіндегі қаржы нарығына өз әсерін тигізеді.

Жетіншіден, қиын кезеңде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін қолдау, жеке меншік пен бәсекелестікті қорғаудың маңыздылығы, кәсіпкерлерге қатысты банкроттық туралы іс жүргізуді осы жылдың 1 қазанына дейін тоқтата тұруды қарастыру бизнес өкілдері үшінде экономикалық маңызды.

Азаматтарды қолдау мен бизнесті дамытуға арналған осы және басқа да шараларды жүзеге асыру үшін экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарлар жүргізілетіндігі айқындалып, елімізді және экономиканы одан әрі дамуға бейімдеуді қарастыру қазіргі кезеңде аса қажетті. Дағдарыс әлемге әлеуметтік мәселелердің маңыздылығын анықтады: медицина, білім, әлеуметтік қорғау елдер үшін аса қолдауға қажетті бағыттар екендігін айқындап берді, жүйені кез-келген сипаттағы төтенше жағдайларға тез әрекет ету үшін бейімдеу қажеттігін негіздеді. Сондықтан, алдағы уақытта қазіргі заманғы қашықтық технологияларды енгізу, білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарап, оларды қол жетімді және интерактивті етудің қажеттілігін арттырды. Аталған бағыт-бағдарлар қазіргі кезең қажеттілігіне негізделген, ел экономикасы, әлеуметтік жағдайы үшін өте маңызды.

Гүлімай АМАНИЯЗОВА,

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ проректоры.

 Маңғыстау облысы