Қоғам • 13 Мамыр, 2020

Сбербанк Қазақстан Алматы облысындағы наубайхананы қаржыландырды

472 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы Сбербанк филиалы «ДАМУ» Аймақтық Қорымен бірлесіп, артықшылықтарының бірі неміс технологиясы бойынша нан өндіру болып табылатын «GOLD САПА» ЖШС наубайханасын сатып алуға мәмілені қаржыландырды, деп хабарлады осы банктің баспасөз қызметі.

Сбербанк Қазақстан Алматы облысындағы наубайхананы қаржыландырды

2019 жылдың басында бастауыш  кәсіпкер Марьям Мухамеджан нан-тоқаш өнімдерін өндіретін кәсіпорын «GOLD САПА» ЖШС ғимаратын жалға алды. Сол кезде кәсіпорын еуропалық сапа стандарттары бойынша нан өндіру үшін  Германиядан жаңа жабдықты сатып алды. Зауыттың арнайы өндірістік персоналы неміс мамандарына оқуға жіберілді. Болашақ кәсіпорынды дамытудың бизнес-жоспарын дайындап, кәсіпкер қаржы серіктесі ретінде Сбербанкті таңдап алды, ол «Даму» КДҚ» АҚ бірлесіп қатысуымен наубайхана түріндегі жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша жобаны қаржыландырды.

«2020 жылдың басында біз Сбербанкке және «Даму»қорына жылжымайтын мүлікті сатып алуға жеңілдетілген қарызды алу үшін жүгіндік. Сбербанк қысқа мерзімде несие өтінімін қарады және біз наубайхананы сатып алдық. Қазіргі уақытта біздің үлкен жоспарларымыз бар - бұл нан-тоқаш өнімдерін сату бойынша өз дүкенімізді ашу, сондай-ақ кондитерлік өнімдерді шығару және ондағы жаңа бағытты іске асыру. Әрине, макарон өндірісін ашуды да ойластырудамыз, қазір жабдықтарды таңдаумен айналысудамын. Менің ойымша, бұл бағыт Алматы облысында да, сол сияқты Алматы қаласында да сұранысқа ие болады. Болашақ жобаларды жүзеге асыру үшін тағы Сбербанктен қолдау аламыз деп үміттенемін», - дейді «Gold Сапа» ЖШС басшысы Марьям Мухамеджан.

Жаңа зауыттың жобасы «Бизнестің жол картасы - 2025»бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдаудың»І бағыты бойынша мөлшерлемені субсидиялау бөлігінде мақұлданды. 

«Шағын және орта бизнес Қазақстан экономикасы дамуының алдында тұрған аса өткір экономикалық міндеттерді шешуде айтарлықтай және көп жағдайда орны толмас рөл атқарады. Сбербанк өз кезегінде осындай жобаларды қолдай отырып, өңірдің осындай маңызды кәсіпорындарының дамуы мен қалыптасуына үлес қосады», - деп атап өтті Алматы облысы бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ филиалының директоры Меруерт ЖАСБОЛАТ.