Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Шымкентте «Менің Отаным - Қазақстан!» атты онлайн сайыс өтеді

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Дарын орталығы «Менің Отаным - Қазақстан!» тақырыбында қашықтық байқауын өткізеді. 

Шымкентте «Менің Отаным - Қазақстан!» атты онлайн сайыс өтеді

Сайыстың мақсаты - бүлдіршіндердің бойында Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін қалыптастыру, балалардың шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу. Өнер саласында эстетикалық талғамын қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.

Осыған орай, додаға қатысушылардың материалдары мен басқа да құжаттары 12.05.2020-15.05.2020 аралығында info@daryn – shymkent.kz электрондық мекенжайына жолдануы тиіс.

Қатысушы балабақша тәрбиеленушілері сайыстың ережесі бойынша «Менің Отаным - Қазақстан!» тақырыбында салған сурет немесе мәнерлеп өлең оқыған видео жазбасын жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайына жіберуі тиіс.

Сурет байқауы бойынша материалда орындалған суреттер жұмысы қалаған қағаз түріне кез-келген бояу құралдарын пайдалануы мүмкін. Байқауға ұсынылған жұмысты суретке түсіріп немесе сканерден өткізу шарт. Жұмыстар А4 бетінде салынған болуы керек. Сондай-ақ, қатысушының еңбегі 1 данадан артық болмауы қажет. Ал, мәнерлеп өлең оқу байқауы бойынша өлең жолдары төрт шумақтан, видео ұзақтығы 1 минуттан аспауы қажет.

Байқауға жіберілген материалдың (сурет, видео) әрқайсысында балабақша атауы мен қатысушының толық аты-жөні жазылуы тиіс. Байқау қорытындысы, марапаттар 2020 жылдың 20 мамырында Шымкент қаласы Дарын орталығының фейсбук парақшасында жарияланады.