Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Cалалардың әлеуеті қандай?

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы қаңтар-наурыз айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 625,1 млрд теңгені, өнеркәсіптік өндірістің индексі 101% құрады. Ал инвестиция тұрғысында, 2020 жылғы қаңтар-наурыз айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 105228,7 млн теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда 27,6%-ға көбейді.

Маңғыстау: Cалалардың әлеуеті қандай?

2020 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 349 мың шаршы метрді, оның ішінде жеке құрылысшылар салған 238 мың шаршы метрді құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2019 жылғы қаңтар-наурызға 94,7% құрады. 2020 жылғы қаңтар-наурызда халық салған тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің орташа нақты шығындары - 82,9 мың теңгені теңгені құрады.

Құрылыс саласына келер болсақ, 2020 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 28829,9 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1%-ға көп. Сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығының ішкі өнімінің көлемі 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы 3197,1 млн теңгені, оның ішінде 2939,4 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі (НКИ) 2019 жыл мен салыстырғанда 1% өсті және 101% құрады.

 

 

Маңғыстау облысы